электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Встречи

 

   

Архив статей 2018 г.

Варшава әуежайында қазақтың күйі күмбірлеп, әсем әндері әуеледі

№ 9 (180) ноябрь 2018г.

Press-service of KazNAA named after T.K. Zhurgenov


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Біздің мәдениетіміздің негізгі сю¬жет¬¬те¬рін¬де, кейіпкерлері мен сарын¬да¬рын¬да ше¬кара болмайды, сол себепті оны жүйе¬лі зерттеп, бүкіл Орталық Еу¬¬разия кеңіс¬ті¬гі мен барша әлемде дә¬ріп¬теуге тиіспіз» деген қағидаты қазақстандық қоғам үшін бүгінде үлкен мәнге ие болып отыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымы Еуропаның Польша, Чехия және Венгрия Республикаларына арнайы сапарға шықты.

Польшаның Фридерик Шопен атындағы әуежайда домбыра, қобыз және жетіген бір уақытта күй ойнады. Жолаушылар ерекше әуенді естіп, қойылымды көру үшін көптеп жиналған көрермендер қазақтың қасиетті күйлеріне ерекше тәнті болып, қол шапалақтап, қызықты қойылым үшін ризашылығын білдірді. Осы сәт Академия студенттерінің мың бұралған әсем билері көрермендер қошеметіне ие болды. Әуежайдағы естен кетпес концертті Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының музыканттары қойды. Бұл олардың Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай шетелдіктерге жасаған тосынсыйы болды.

Поляк көрермені Ханна: «Маған музыка мен би өте қатты ұнады. Сіздің елдің мәдениеті мен музыкасы әдемі. Қазақстанда болған емеспін. Бірақ ондай мүмкіндік туып жатса, қуана-қуана барамын» деп жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, «Алатау» фольклорлық ансамблі Варшавадағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен болған салтанатты жиында халқымыздың әндері мен күйлерін орындаумен қатар, Еуропа елдерінің классикалық шығармаларын орындады. Мерекелік-мәдени көш Варшава сапарынан кейін 3-ші желтоқсан күні Прага қаласында жалғасып, артынша 5 желтоқсан күні Будапештте өз мәресіне жетеді.

 

 

 

 


В Варшавском аэропорту зазвучали мелодии Великой Степи, в рамках статьи Президента «Семь граней Великой степи»

Press-service of KazNAA named after T.K. Zhurgenov


В статье Главы государства Нурсултана Назарбаева «Семь граней Великой степи» говорится, что «Основные сюжеты, персонажи и мотивы нашей культуры не имеют границ и должны системно исследоваться и продвигаться на всем пространстве Центральной Евразии и в мире целом», так данное высказывание сегодня имеет большое значение для казахстанского общества. В этой связи, при поддержке Министерства культуры и спорта Республики Казахстан творческий коллектив Казахской Национальной академии искусств им. Т.К. Жургенова совершил визит в ряд стран Европы среди которых Польша, Чехия и Венгрия.

В аэропорту имени Фредерика Шопена одновременно были сыграны кюи и песни на инструментах домбра, кобыз и жетыген. Услышав необычную мелодию, многие пассажиры собрались посмотреть постановку. После прекрасных мелодичных песен были поставлены национальные танцы. Знаком благодарности послужили бурные апплодисменты и зрительский восторг запечатленный на смартфоны. Во время выступления наши студенты станцевали такие интересные композиции. И заслужили аплодисменты и восхищение. Данное выступление было организовано в аэропорту музыкантами Национальной академии искусств им. Т.К. Жургенова. Праздничный сюрприз в честь Дня Первого Президента Казахстана порадовал иностранцев.

Польская зрительница Ханна в своем интервью говорит: “Мне очень понравилась казахская народная музыка и танцы. Культура и музыка вашей страны завораживает и радует. Я никогда не была в Казахстане, но если появится такая возможность, я с удовольствием поеду в Казахстан».

Кроме того, фольклорный ансамбль Алатау на торжественном концерте, организованный нашим посольством в Варшаве, исполнил наряду с казахскими песнями и кюями, классические произведения стран Европы. После Варшавы праздничный культурный караван продолжит свой путь, 3 декабря планируется поездка в Прагу, завершится 5 декабря в Будапеште.

 

 

 

Встречи



 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no