электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Педагогикалық инновацияларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктері

№ 5 (166) май 2017г.

СҰЛТАНГИРЕЕВА Н.С., Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№1 орта мектебі» КММ, ЖҰМАБАЕВА Ж.Ж., Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» КММ


Біз сабақ беретін пәнді оқытуда оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді қолдану өте тиімді деген ой түйдік. Әр сабақта оқушылар әртүрлі тәсілмен топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашады. Алдымен әр сынып оқушыларымен топтық ереже құрып алдық. Осы ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ой пікірін ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлеміз. Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір – біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушыларым сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетіп таң қалдырған жағдайлар болды. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, барлығының өз ойын, пікірін жеткізуіне мүмкіндік беруге тырыстым, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір-бірінің пікірін бағалауға тәрбиелеп отырамыз.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практи- ка жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Сабақ соңында қолданылатын стратегия «шығу парағын» оқи отырып, оқушыларымыздың жымиған және мұңайған смайликтің тұсына сабақ барысы, өз пікірі жайлы ашық жазғандары біздің келесі сабақты қалай жоспарлауымызға, жіберген қателіктерімізді түзетуге өз көмегін тигізіп отырады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігіне тоқталсақ, мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар ал- дында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асырамыз. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын жүзеге асырамыз.

Осы кезеңде «Түртіп алу кестесі» бойынша қорытынды шығарамыз.

Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн диаграммасын» қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеміз. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» яғни, пікір-сайыс өткіземіз немесе «5 минуттық эссе» жаздырамыз. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Өзіміздің сабақтарымызда лексиканы, грамматиканы, тыңдауды меңгертуде слайд-шоу, презентация, флипчарттарды қолданып отырамыз.

Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.

 

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no