электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабы

№ 5 (166) май 2017г.

ӘЛМАҒАМБЕТОВ Қ., «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы, Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ


Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынуда. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас өзгерісті қажет етеді. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен оқушы арасындағы серіктестік қарым - қатынасқа ауысады. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керетігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ой лай а латын, пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық таныта алатын оқушы қалыптастыру.


ХХI ғасыр – білім ғасыры. Олай дейтінім, қазіргі білім беру жүйесінің алға қойған мақсаттарының бірі – әлемдік білім беру кеңістігінің көшінен қалмай ықпалдаса отырып, үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Осыған орай, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары оң нәтижесін беруде [4]. Курс барысында өзекті мәселелерді қарастыра отырып, шешу жолдары мен қиындықтарын, мүмкіндіктерін ескереміз. Бағдарламаның негізгі мақсаты бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Білім беру үдерісінде білім мазмұны түбегейлі де, оған қойылатын талаптар да өзгерді. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отырып, білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану болып табылады [1]. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, білім алушылардың жаңа белестерді бағындырудың әр түрлі жолдарын ашуда. Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен танысып, педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін, критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін көрсету [1]. Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы мәселелерді аңықтап зерттей білуді, сондай-ақ дағдыларды мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқуды іс жүзіне асыру. Бағдарлама мұғалімдерге белсенді оқу жаттығуларына қатысып, оқытуды тиімді жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер осы тәсілдерді қолдана отырып, дағдылар мен білім арттыруға қол жеткізуге болады. Оқытуда қарым-қатынас тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көрініс тапқан оқу мақсаттарына жету үшін ынталандыратын белсенді жаттығуларды қалай жоспарлауға болатынын өздері көре алады. Топтағы бірлескен жұмыс бөлінген таным қағидатына негізделеді. Осы орайда мұғалімдер бір-бірімен білімімен және түсінігімен тәжірибелерімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс жасайды. Олар түсініктеме беріп, болжамдарын ұсынады, бірлескен сұрақ-жауап кезінде өз түсініктерін кеңейтеді. Кері байланыс берудің түрлі тәсілдерімен танысады. Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Өзін басқалармен салыстырып, бағалай отырып, өзін-өзі реттей алады [5].

Қазір бәріміздің алдымызда «Қалай оқу керектігін үйрету»? сұрағы тұр. Ол үшін «Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылатынын білуіміз керек. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бақылау, өзін-өзі бағалау арқылы, реттелу, өзгеру деп түсінеміз. Озық технологиялар оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құрал жабдықтарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ететін әдістерді зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Кез-келген сабақты қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңалыққа ұмтылу, жұмысын жүргізу әрбір мұғалім үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз» қағидасын ұстанған мұғалім үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болатындай дәрежеде болуы керек. Яғни, белсенді оқыта отырып, нәтижеге бағытталған сабақ болуы шарт. Мұғалім әр кез ізденуші болса, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты түрлендіріп қызықты ете алады. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта оңтайлы қолдана алу болып табылады. Бұл жерде мұғалім оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды түсіне білуге;
- жеке ойлау үдерісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
- қойылған міндеттерді орындай алатын стратегияларды әзірлеу және ойластыру;
- міндет үшін нақты келетін стартегияларды таңдай алуға көмектеседі.

Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатын –диалог. Диалог оқушылардың сөйлеу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуін, ақпарат алмасу, тіл үйрену, ойлауын дамытуда таптырмайтын жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құру төмендегідей нәтиже береді:
- сабаққа деген белсенділігі жоғарылайды;
- сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
- дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
- оқуға деген қызығушылығы артады;
- өз бетімен іздену, өз ойын жинақтау, басқалармен салыстыру дағдылары қалыптасады. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты кез келген білім беру үдерісін дұрыс ұйымдастырған уақытта ұжымдық, топтық жұмыс кезінде диалогтық оқытудың тиімділігін көруге болады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарай отырып, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешім қабылдауға, шешімін, пікірін басқалармен салыстырып, өз шешіміне көз жеткізу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолданған кезде төмендегідей нәтижеге жетуге болады:
- білім алушының белсенділігін арттыу;
- пәнге деген қызығушылығын ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлеу белсенділігін арттыу;
- бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады;
- басқаларды тыңдау, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйрету.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданған кезде оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады, белсенділігі артады, сұрақтар қою арқылы ойларын дәлелдейді, талдай алады [5].

Бағалау – оқыту нәтижесін аңықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін негізгі фактор. Жалпы бағалау баға қоюмен ғана шектеліп қалатын тәсіл емес. Берілген материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар себептерін аңықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау «оқыту үшін бағалау», «оқытуды бағалау» болып екіге бөлінеді. Оқыту үшін бағалау бұл формативті, оқытуды бағалау сумативті екенін де айта кетуге болады. Формативті бағалау әр сабақ кезінде, сабақ үстінде, оқушының барлық іс-әрекеті ойлауы, түсінігі, тәртібі де бағаланады. Ал сумативті белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, тесттер, тоқсандық, қорытынды жиынтық баға өлшемі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен кәсіби құзыреттілігін, шығармашылығын еркін дамытуға, компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға тиімді екенін айтуға болады. Интербелсенді тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды, мәтіндермен жұмыс, жаңа сөздерді табу, сөздерге талдау жасау, уақытты үнемді пайдалану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыруға пайдалы әрі қажетті құрал. Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың білім сапасын бақылауда компьютерлік технологияның атқаратын үлесі зор.

Осы уақытқа дейін, біз талантты және дарынды балаларды оқытуда, көбінесе «Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптастырып келдік. Олар оқуда қиындық туғызбайды, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты жеткізе алатындықтан мұғалімдерге жұмыс істеуге де оңай болды, сол себептен ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, көбінесе түсінбеушілік туғызатын, қияли, оқушыларды қабілеті нашар деп шеттейміз. Ол дұрыс түсінік емес, қабілеті төмен оқушылардың арасында да дарынды, талантты оқушылар бар екенін көбінесе мойындамаймыз [5]. Сондықтан кез келген оқушының іс-әрекетінен бір дарындылық иесін аңықтауға болады. Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмайды. Сондықтан жаңашыл ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту мұғалімнің жан-жақты ойластырылған шеберлігін, іскерлігін қажет етеді. Оқушы бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды айқындау. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігіне сай сұрақтар түрлерін ойластыру болып табылады.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады. Өтілетін сабақтың жоспарын құра отырып, әдістемелік жағын, иллюстрациясын, пайдаланатын техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды дұрыс таңдап, ұйымдастыру. Ал, көшбасшылық қабілет шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылыққа жетелеу, жылдамдыққа, икемділікке баулу, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабақта қалыптасып отыратыны аңық. Жоғарыда аталған алты модулдің оқыту барысы оқытудағы басқару мен көшбасшылық арқылы іс-жүзіне асады. Яғни оқытудың барлық модулін осы көшбасшылық қоршап тұрады деген түсінік туады [5].

Қорыта келгенде, ингновациялық білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогтерді заманауи әдістермен, технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу, интеллектуалдық кәсіби деңгейі және тұлғалық қасиеттері мен білімді дамытуға өз үлесін қосуды қамтамасыз ету арқылы педагог мәртебесін көтеру – біліктілікті арттыру жүйесіндегі қызметкерлердің басты міндеттерінің бірі деп ойлаймын [4]. Заманауи оқыту білім берудің жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін басқа қырынан танып білуіне молынан септігін тигізеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым.

3. Камзина Б.М. Жаңа инновациялық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шеберлігі // Бастауыш мектеп-2001. № 1, 2, 7.

4. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 3 басылым. – Астана, 2012.

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no