электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Ағылшын тілі пәні бойынша оқушыларды қорытынды аттестациялауға дайындаудың тиімді жолдары

№ 4 (165) апрель 2017г.

УСКЕНБАЕВА А. Т., Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Оқушыларды қорытынды аттестатциялаудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалау, олардың нақты рейтингін анықтау, жалпы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейту, оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеу, білім бағытын және мазмұнын, оқу бағдарламасын жетілдіру болып отыр. Оқушылардың қорытынды аттестациялау бойынша көрсеткішінің жоғары болуы үшін оларға жеткілікті дәрежеде білім беру, дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бағыт-бағдар беру жұмыстары жоспарлы болуы қажет. Осы мақсатта жылда оқу жылының басында қорытынды аттестациялауға дайындық жоспары жасалып отырады.

Қорытынды аттестациялауда жақсы нәтижеге жету үшін:
1. Қорытынды аттестациялауға дайындыққа арналған жүйелі жұмыстар жүргізетіндей жоспар құру;
2. Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу;
3. Тест жұмысын орындағаннан кейін түзету (коррекциялық) жұмыстарын жүргізу;
4. Тақырыптық тест құрастыру;
5. Әр тараудан кейін лексикалық және грамматикалық сынақ өткізу;
6. Қосымша сабақтар өткізу;
7. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату;
8. Оқушыларға қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету болып отыр.

Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып, берілген білімнің сапасын аптасына 1 рет тест тапсырмаларын орындату арқылы жүйелеп, шыққан қорытындылары негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізе отырып үлгерім мен сапаны арттыру керек. 11 сынып оқушыларын дайындау барысында теориялық білімдерін практикалық жаттығулармен ұштастыра отырып, үнемі жаттығулар орындату қажет. Жоспар бойынша әр тақырыпқа сай жаттығулар алып отырамыз.

Мұғалімнің жұмысында көп қиындықтар тудыратын орта деңгейдегі оқушы емес үлгерімі төмен оқушылар. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

1) Диагностикалық кезең:
– Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;
– Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
– Жаңа форматтағы қорытынды аттестациялау өткізу ережелерімен және ұсыныстармен танысу.

2) Практикалық кезең:
– Тест жинақтарымен жұмыс;
– Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
– Топтық және жеке дайындық;
– Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

3) Анықтаушылық кезең:
– Тақырыптар бойынша бақылау тестері;
– Мониторинг;
– Қатемен жұмыс парағын жүргізу.

Тест нәтижелері шыққан соң қатемен жұмыс жасалады. Қатемен жұмыс парағына ағылшын тілінің грамматикалық тарауларының сұрақтары және лексикалық сұрақтар енгіземіз. Парақ бойынша түрлі жұмыстар ұйымдастыруға болады:
• грамматикалық терминдерді аудару, жаттау;
• түрлерін анықтап жазу немесе айту;
• ережелерін еске түсіріп жазу;
• мысалдар келтіру;
• тест жинақтарынан сұрақтар тергізу;
• бірін-бірі тексеру;
• өз-өзін тексеру.

Сабақта жеке өткізілетін жұмыстар грамматикалық түсініктерді жақсы білуге, естерінде сақтауға көп көмегін тигізеді. Мектепішілік байқау тесті нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың алдына қойылған мақсаттары және фактілік нәтиже салыстырылып қаралады. Келесі тоқсанның жұмысы жоспарланады.

Үлгерімі төмен оқушылар тобы үшін оқу материалы жай түрінен басталып күрделенуі тиіс. Әр тақырыпты қайталағаннан соң түрлі жаттығулар беріледі, үлестірмелі карточкалар тапсырмалары орындалады, тест өткізіледі. Алдымен бұл оқушыларға 2 жауап нұсқасы бар тест ұсынылады. (жауаптары: дұрыс-бұрыс немесе иә-жоқ). Кейін жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауап нұсқасы бар тест) беріледі. Ең соңыңда ашық (жауаптары жоқ) тест түрі орындалады немесе сынақ өткізіледі.

Мысалы:
1. «Грамматика» тақырыбын алсақ: ережелерді талқылау (оқушы – НЕ БІЛЕМІН, мұғалім – НЕ БІЛУ КЕРЕК)
2. Бекіту ж ұмыстарын орындау(жат тығулар, үлестірмелі материалдар);
3. Тест (2 жауап нұсқасы бар);
4. Жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауабы бар);
5. Ашық тест түрі (жауап жоқ немесе сынақ);
6. Түзету жұмыстары жүргізіледі.

Үлгерімі жоғары оқушылармен өзгеше жұмыс өткізіледі:
1. Тестілердің күрделі түрлері беріледі (жабық және ашық).
2. Өткен оқу жылдарында өткізілген тестілер бойынша жұмыс.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және жауапкершіліктерін қалыптастыру үшін кеңесші рөлін атқару мүмкіндіктерін беру. Кеңесші ретінде олар үлгерімі төмен оқушыларға ережелерді түсіндіреді, көмектеседі, жауаптарын тексереді, бағалайды.
4. Тақырыптық тестілер құрастыру.
5. Интернет жүйесіндегі жаңа тест материалдарын қадағалау.
а) мектеп психологі жеке жұмыс өткізеді. Оқушылардың өзін- өзі бағалау сезімдерін жоғарлату, алаңдаушылық сезімін төмендету тренингтерін өткізу;
ә) оқушылардың тілектері бойынша жеке жұмыс кестесі құрылады;
б) оқушылардың ата- аналарымен кездесу.

– Сонымен, үлгерімі төмен және потенциалды (үлгерімі жоғары) оқушылармен жұмыс жүргізу көп уақытты, төзімділікті талап етеді. Солай бола тұрса да, бұл – қажетті жұмыс, өйткені ол қорытынды аттестациялау нәтижелеріне әсер етеді.

Пән мұғаліміне ең керекті қорытынды аттестациялауға дайындық жұмысының бірі – тест жұмыстарын жинақтау, оның ішінде тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Бұл жұмыстың мұғалімдерге көп пайдасы бар:
1) Мұғалімнің үлгілік тест жұмыстары көбейеді;
2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды;
3) Кейін осы тесттерді оқушыларға таратып, талдау жасайды.

Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты та лдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көруге болады.

Тақырыптық тест мысалы:

1. Датаның дұ рыс оқылу нұсқасын табыңыз: «30/08»
A) The thirtieth of August
B) The August and thirty
C) The thirtieth August
D) The thirtieth and August
E) The thirty of August

2. Дұрыс жауапты таңдаңыз: How many states are there in America?
A) 25   B) 15   C) 57   D) 53   E) 50

3. Сан есімнің дұрыс оқылу нұсқасын табыңыз: «110»
A) A hundred ten B) Hundred and ten
C) Eleven and zero D) Hundred ten
E) A hundred and ten.

4. Сан есімнің дұрыс оқылу нұсқасын табыңыз: «1997»
A) Nineteen and ninety-seven B) Nineteen ninety-seven
C) One hundreds nine hundreds ninety seven
D) One thousand nine hundred ninety seven
E) One thousands and nine hundred and ninety-seven.

5. Дұрыс жауапты таңдаңыз: Who was the first president of the United States?
A) George Washington B) Bill Clinton
C) Thomas Jefferson D) Abraham Lincoln
E) George Bush

Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарына талдау жасау кезінде оқушының қызығушылығы басым болады. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды.

Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс – жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.

Күнделікті сабақ үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын пайдаланамын. Бұл стратегиялардың ерекшелігі:
1. Оқушы топпен жұмыс жасайды;
2. Тақырып бойынша тапсырмалар таратылып, топ ішінде талдау жасалады;
3. Жекелеген оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі;
4. Берілген тақырып негізінде оқушылар бір-біріне сұрақтар дайындайды.
5. Тақырыпқа байланысты тест немесе кестемен жұмыс орындалады және т.б.

Сабақтарда көп қолданылатын стратегиялардың бірі – «Жигсо» стратегиясы.

Жигсо (Slavin 1994) – оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі. Бұл жұмыс оқушылар зерттеу жүргізгенде немесе мәтінді оқыған кезде пайдаланады. Сондықтан мұғалімнен алдын ала нақты дайындық талап етіледі, тапсырмалар жеке қағаздарда жазылуы тиіс. Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді. Материалдың өзі қарастырған бөлігін түсіндіргенде, олар сарапшы бола алады. Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп, басқаны үйретуде белсенді роль атқарады.

Стратегияның алгоритмі:
1 қадам. Жанұя тобында әркім өз бөлігін оқиды;
2 қадам. Енді нөмір бойынша жұмысшы тобына барып талқылайды;
3 қадам. Жанұ я тобына келіп жалпы мәтінді талқылайды;
4 қадам. Мәтін бойынша суреттеу картасын жасайды, яғни мысалдар келтіреді, сөйлем құрайды.

Грамматикалық тақырып «Шартты сөйлем түрлері» топтарға таратылады (топ ішінде нөмірленеді)

1. First Conditional (Бірінші шартты сөйлем)
First Conditional болуы мүмкін шартты және оның келер шақтағы нәтижесін білдіреді. Іс-әрекет осы немесе келер шаққа қатысты.
Мысалы: If I hear any news, I’ll phone you.
Form
If + Present Simple + Future Simple
a. Қазақ тілінде басыңқы және бағыныңқы сөйлемде келер шақ қолданылады. Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлемде ( If clause) Present Simple қолданылады.
Мысалы: If the weather is fine, we’ll go to the mountains.
b. If clause-да Present Continuous қолдануға болады.
Мысалы: If we’re expecting quests, the flat will need a good clean.
c. If clause-да Present Perfect қолдануға болады.
Мысалы: If you’ve finished watching TV, I’ll switch it off.
d. Басыңқы сөйлемде will көмекші етістіктің орнына модальды етістік қолдануға болады.
Мысалы: If you jog regularly, you might lose weight.
e. Әдетте, If clause сөйлемнің басында қолданылады, бірақ оны сойлемнің соңында да қолдануға болады.
If we hurry, we’ll catch the bus. We’ll catch the bus if we hurry .

2. Second Conditional(Екінші шартты сөйлем)
Second Conditional – шындыққа келмейтін және оның мүмкін болатын нәтижесін сипаттайды. Бұл шарттың орындалуы екі талай және ол шындыққа қарама-қарсы іс -әрекетті білдіреді.
Form
If + Past Simple + would + Infinitive.
If I ate cake, I would get fat.
a. Басыңқ ы сөйлемде мода льды етістіктерді қолдануға болады.
If I saved money, I might be able to buy a car.
b. If clause –да Fpast Continuous формасын қолдануға болады.
Мысалы: If he wasn’t playing the piano, it would be so quiet here.

3. Third Conditional (Үшінші шартты сөйлем)
Third Conditional – ө ткен у ақытта б олмай қ алған жағдайларды сипаттау үшін қолданылады. Олар шын фактілерге қарама-кайшылықты білдіреді.
Form
If + Past Perfect + would have + Past Participle (V3)
If I hadn’t fallen ill, I would have gone to the party.
Main clause-да (яғни, сөйлемнің басыңқы бөлігінде) would-тың орнына might, could модальды етістіктерін қолдануға болады.
If I’d had my mobile, I could have contacted you.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Ендеше, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарымен бірге шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыта отырып, жеке тұлға етіп қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Әдебиеттер:

1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. [Электрон. ресурс] Источник доступа: https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/ K120000205

2. Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. – Алматы, 1998 ж.

3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. [Электрон.ресурс] Источник доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/ docs/U1000001118

4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: «Білім баспасы», 1998 ж.

5. Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. – Алматы, 2001 ж.

6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық – Астана, 2012 ж. – Б. 5.

 

 

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no