электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың ерекшеліктері

№ 7 (168) сентябрь 2017г.

ТЛЕУБАЙ С. Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қарағанды қ.


 

Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген еді. Осыған байланысты бүгінгі қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын тиімді қолдану міндеті тұр. Сол себепті бүгінде еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Мектеп оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. Осыған байланысты бүгінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту аясында аймақтағы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын айтарлықтай сапалы ұйымдастыру арқылы өз үлестерін қосуда.

Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын тиімді қолдану жолдарын меңгереді. Сонымен қатар, Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғы шарттары және жалпы білім беруді реформалау жөніндегі кең ауқымды жұмыстарға қарай көшу түрін қарастырады. Бағдарламаны меңгеру барысында пән мұғалімдері әр оқу пәні бойынша мазмұндағы ұстанымдардың өзгерісін байқайды: сызықтық ұстаным спиральдік принципіне алмасуын, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылуын қарастырып, яғни Джером Брунердің Спиральділік қағидатына негізделеді. Брунердің пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да жеңіл түсіне алады. Ол адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу), бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу), таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). Бұл білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.

Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының басты ерекшеліктері: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады. Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Яғни, оқу материалын мазмұндау барысында аталмыш спиральді тәсілдеме қолданып, оның сабақтастығы, пәнішілік және пәнаралық интеграция қамтамасыз етіледі.

Бекітілген оқу жоспарына сәйкес, жаңартылған білім беру бағдарламасы, оның құрылымы, тиімді оқу үдерісін жүргізуге қажетті педагогикалық әдістемелермен және қолданылатын бағалау тетіктерімен жүйелі түрде таныстыруды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше пәнде бірқатар ұқсас сабақтар бар. Мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін еркін меңгеруге кіріседі. Білім алушылар білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен танысып қана қоймай, оны іс жүзінде іске асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін оқыту тәжірибе жүзінде белсенді етеді. Одан кейін бірнеше күн бойы мұғалімдер оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарын талдауға мүмкіндік алады. Пән бойынша сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер ескерілуі тиіс көптеген мәселелерді қарастырады. Мысалы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтау, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың зияткерлік әдістерін қолдану, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды сабаққа енгізу мен тапсырма барысында саралауды жоспарлау. Мұғалімдерге сабақтарды тиімді жоспарлауға көмектесетін ақпарат, ұсыныс-болжамдар, кеңестер мұғалімге араналған нұсқаулықта келтірілген.

Біліктілікті арттыру курсының бір бөлімі ретінде мұғалімнің осы курс барысында қарастырылатын мәселелерді т үсін уі, әдіс-тәсі л дерді қол дан у ы бағамдалатын болады. Мұғалімдер бағамдалатын барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес. Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімге ол аспектілерді меңгеруге қолдау көрсетілетін болады. Мұғалімдер өзара рефлексия және метатану тапсырмаларын байланыстыра отырып, біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгерілеуін қарастырады. Аз уақыттағы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер білім беру жүйесіндегі өзгерістерді түсініп, енгізуге дайынбыз деп өздерін бағамдағанымен, мазмұнды жаңарту аясындағы жаңа белестерді бағындыруда үлкен жауапкершілік қажет екенін түсінеді. Сондай-ақ оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу. Соған байланысты Бағдарламада ең маңыздысы: жоғарыда айтылып кеткен пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуімен қатар Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы сабақ жоспарлау барысында пайдалана алуы, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі, пәндегі «академиялық тілді» ұстану, оқушының адамгершілік- рухани қасиеттерін қалыптастыру, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуы және білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу. Курс соңында әр мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.

Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Сонда ғана шығармашыл, ізденімпаз ұстаз табысты болады, нәтижеге жетеді. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций «Мен саған балық берсем, сен бірақ күн тоқ боласың, ал енді мен саған қармақпен қалай балық аулауды үйретсем, сен өмір бойы тоқ боласың» деген екен. Ендеше, бүгінгі ұрпақтың өмір сүруі үшін қажетті білім дағдыларымен және қасиеттермен қаруландыру –мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылатыны анық.

«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», – деп Қазақстан халқына берген Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев тілге тиек еткендей, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды өрістету арқылы табысты мектептердің қатарын көбейту, инновацияға жаңа қадам басу. Әрине, бұл – болашаққа бағдарланған саясат аясында жүзеге асырылып жатқан қызметтің орындалуына барынша үлес қосу және біліктілікті арттыру қызметінің басты міндеті.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no