электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Конструктивті білім беру – заман талабы

№ 1 (162) январь 2017г.

САПАРКУЛОВА З.Х. ПШО Алматы филиалы ҚР ЖББҰ басшыларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы, О. Жандосов атындағы № 30 жалпы орта мектеп директоры, ОҚО, Шымкент қ.


Қазіргі таңда қоғамның қарқындап дамуы, білім жүйесінің сапасын жақсарту, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып, еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу, өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті тұлға дайындау қажеттілігі туып отыр. Өмірдің өзі өзгермелі құбылыс екенін оқушылар да түсінуге тиіс, олар өзгермелі әлем құбылыстарына әрдайым дайын болуға, дер кезінде шешім қабылдай алуға үйренуі маңызды.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» (Басшыға арналған нұсқаулық). Сол себепті он екі жылдық білім беру қарсаңында мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгіземіз, күтілетін нәтижеге қалай қол жеткіземіз, жаңа бағдарлама бойынша атқарылатын жұмысымызды қалай бағалап, жүйелейміз деген сұрақтар мені де алаңдатты. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мелекеттік бағдарламасының екінші кезеңі 2016жылдың қыркүйек айынан басталғалы тұр. Бірінші сынып оқушылары он екі жылдық бағдарламасымен оқытыла бастайды, кейінгі жылдары кезең-кезеңімен сатылы түрде біртіндеп басқа сыныптар да көшеді. Он екі жылдық білім берудің басты мақсаты оқушылардың білімді жәй ғана иеленіп қоймай, ХХІ ғасырдың әдіс-тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды қолдана білуіне басты назар аударылады. Ұстаз бағыт-бағдар беру арқылы әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, оқушының өздігінен іздене білім алуына жағдай жасап отырады, оқушы өзі ізденіп дамиды. Ол үшін мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үздіксіз өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру.

Ұстаздар қауымының тұрақты да, жүйелі қайта даярлануы мен кәсіби біліктілігін көтеріп отыру керектігі көрініс табады. Осы орайда көшбасшылыққа негізделген «Басшылар бағдарламасының» түйінді идеяларымен таныстым. Ұнаған тұсы – көшбасшылық негізінде мектеп басшылары, мектеп мұғалімдері, бағдарламаның негізінде оқушылар белсенді іс-әрекет иесі болады, өзінің зерттеулеріне сүйене отырып ой қорыта алады.

Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын «жаңа үлгідегі» сабақ қандай болмақ? Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Жеті модульді терең түсіну – сабақты жаңаша жоспарлауға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындау, «мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы» коммуникативті қарым-қатынасын оңтайлы ұйымдастыруға жол ашады. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандырады. Сондықтан, ойлаудың жоғары деңгейіне негізделген проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Қазір байқап-білгеніміздей, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуына септігін тигізеді. Білімді дайын қалпында емес оны өздігімен қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің функционалды сауаттылыққа әкелетіні теория жүзінде, тәжірибе жүзінде де дәлелденіп келеді. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді. Сол себепті, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді біріктіре беруді тәжірибеге енгізудеміз. Нәтижесінде, оқушы алып жатқан білімін қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артады.

Мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Конструктивті білімді енгізу, жүзеге асыру, соған бағытталған оқыту ортасын құру мұғалімге үлкен міндеттер жүктейді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін талап етеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау он екі жылдық конструктивті білім беруге сәтті көшуге септігін тигізетіні анық.

 

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no