электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Мониторингілеу – білім беру үдерісінің сапасын арттырудың маңызды компоненті

№ 10 (161) декабрь 2016г.

ТҰРЖАНОВА Б.С., Орал қ., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚОБПҚБАИ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы


ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатқаны белгілі.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған негізгі міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы.

Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, саралап, таратуға және оны үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi. Педагогикалық мониторингтің негізгі бағыттары: білім сапасының мониторингі, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің мониторингі болып бөлінеді.

Бүгінгі күні педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің оқу – тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу таптырмас құрал болып табылады.

Мониторинг диагностикалық сипаттағы көптеген күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі. Қысқа мерзімді курстың кіріс, шығыс сауалнамалары және социологиялық зерттеу жұмыстары арқылы алынған мәліметтер кәсіби өсу сапасының қандай бағыттары бойынша жұмыстану қажет тұстарын анықтауға, мұғалім қызметіндегі инновациялық әдістердің тиімділігін диагностикалауға, кері байланыстың орындалуын қамтамасыз етеді. Күшті және әлсіз жақтары анықталып, талдауға көмектеседі.

Институтта қысқа мерзімді курстан өткен мұғалімдердің курстан кейінгі қызметінің сапасы 9 критерий бойынша жүргізіліп, зерттеулер мен талдаулар жасалады. 2015 жылғы «Өрлеу «БАҰО»АҚ филиалы БҚОБАИ ұйымдастырған курстық шараға қатысқан тыңдаушылардың 78 % педагог санаттарын арттырғанын көрсетсе, оқушылардың білім сапасы 67 % құраған. Тыңдаушылардың тәжірибе таратулары, әдістемелік құрал жасақтауда, байқаулар мен жобаларға, олимпиадаға қатысуларда алдыңғы жылдармен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетті.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына арналған кіріс және шығыс сауалнамасы бойынша курс сапасын анықтау өте маңызды. Тренер жұмысы курстың материалдық мазмұны, оқыту сапасы, ұйымдастыру жұмысы, ресурстық қамтамасыз ету бойынша бағаланып 10 балдық жүйемен есептеледі. Жылдық қорытынды бойынша – 9,9 балл. Тыңдаушылардың оқу нәтижелері: өте жақсы – 74 %, жақсы – 25, 9 %, орташа – 0,05 % көрсетті.

Орта білім беру бағдарламасын жаңарту бағдарламалары аясында білім сапасы квалиметриялық өлшемдерімен анықталады. Тыңдаушылардың меңгеру деңгейі бастапқы, қалыптасу, қалыптасқан, жетілген бағыттары бойынша анықталса, бағалау өлшемдері оқыту дағдылары, ойлау кейіпі, бағдарламаны түсіну, жоспарлау, белсенді оқыту, педагогикалық білім, қажеттіліктеріне реакция, критериалды бағалау бойынша анықталады. Оның ішінде: курс жұмысынан кейін тыңдаушылардың 0,7 % бастапқы, 8,71 % қалыптасу, 67,6 % қалыптасқан деңгейді көрсетсе, 32,5 % жетілген өлшемін көрсеткен.

Кембридж бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға жүргізілген сауалнамалар негізінде жасақталған зерттеу жұмыстары талдауларының қорытындысы жаңа идеяларға сәйкес оқыту, жаңа технологияның оң өзгерістерін – 100 % құптаған. Жеке білім беру стилі мен әдістерінің қомақты өзгерістер деңгейі – 88,9 %. Жетістіктер мен нәтижелер сапасының көтерілгенін көрсетті.

Мониторинг – қоғам мен білім беру жүйесін сенімді, толық және білім беру үрдісі мен нәтижесінің нормативті талаптарға, қоғамдағы өзгерістер мен болжанған тенденцияларға сәйкестігі туралы дифференцияланған ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында білім сапасы, оның өңделуі, талдануы мен интерпретациялануы туралы маңызды сипаттамаларды жинақтау жүйесі.

Қорыта келе мониторингтік зерттеу – обьектінің уақыт бойынша жағдайының тарихын құруға, оқыту үрдісіндегі субьектілер мен білім беру жүйесін сандық бағалауға, олардың даму бағыттарын анықтау мен жобалауға мүмкіндік береді.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no