электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқыту заңдылықтары

№ 6 (157) август 2016г.

БАЙТОХИНА А.Т., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі


ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. өскелең елдің ай- бынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылыми-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз бо- лады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.

Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс.

Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның ү й лесімді т ұ лға ланып, дам у ы ү шін қолай лы бі лім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұрғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.

Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы; білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жа- салуы; білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; ұрпаққа азаматтық – патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі ролінің артуы. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осын- дай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабы- на сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін а замат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бағдарламаның маңыздылығы да міне, осында.

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет:
- Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
- Рухани құндылықтар мен дағдылар;
- Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын жаңартудың мақсаты;
- Спиральді оқу бағдарламасы;
- Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;
- Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;
- Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;
- Критериалды бағалау қағидаттары тақырыбында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби т ұ рғыда шыңда ла т үсуіме көп ықпалын тигізеді.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында пәннің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір – бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқу ү рдісіне енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен танысты ру болып табы лады. Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғы шарттары қарастырылады және төменде келтірілген мәселелер туралы сөз қозғалады:
- Білім беру саласындағы халықаралық үрдістер;
- Білім беру бағдарламасын құру теориясы;
- Оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғы шарттар.

Бағдарламаның міндеттері:
- Оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериа лды баға лау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
- Оқу пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен , ондағы материа лдардың кү рделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
- Оқу пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- мұғалімдердің бойында өз пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Бағдарламаның мазмұны төмендегідей:
-Жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе және бағдарлама аясында қолданылатын терминдермен таныстыру;
-Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер;

Ілгерілеуді бағалау және келесі қадам туралы ойлану.

Бағдарлама төмендегідей деңгейде іске асады:
- Жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі.
- Білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік);
- Ықшам сабақтар;
- Өзіндік рефлексия және метатанымдық тапсырмалар;
Сабақтардың, үзілістердің уақытын белгілеу, өрт қауіпсіздігі ережелері, ұялы телефон пайдалану ережелері.
- Бағдарлама негізінде жүргізілген курстар аясында төмендегідей сабақ мақсаттары қарастырылады:
- Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша түйінді терминология және құжаттамалармен таныстыру;
- Жаңартылған білім беру бағдарлама сының қолданыс саласы мен мазмұнын түсіну.
- Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарының мазмұнын толығырақ түсіну;
- Дағдыны дамытуға уақыт беру үшін мектептің ағымдағы оқу бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғыну;
- Жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін ұғыну.
- «Спиральді оқу бағдарламасы» терминімен таныстыру.

Тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен танысып, белсенді оқудың не екенін түсіндіріліп, белсенді оқу үдерісіне қатысу арқылы белсенді оқу жаттығуларын құру және оқу бағдарламасында ұсынылған педагогикалық тәсіл дерді қолдана білу, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу, оқытудың жай ғана тапсырманы орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін слайд материалдары арқылы және белсенді оқыту әдістерін жұппен, топпен жұмыс түрінде ұйымдастыру арқылы өздерін қатыстырып әрбір мұғалімнің түсінуіне жағдай жасалады. Тыңдаушылар топпен жұмыста тиімді оқыту мен оқу тәсілдері туралы идеяларын флипчартқа түсіріп талқылауға ұсынады. Талқылау барысында тиімді оқыту тәсілдері мен белсенді оқу тәсілдерін ажырата біледі.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж. – Астана, 2014

2. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011.

3. ҚР «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.

4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылымитеориялық негізі. – Алматы: ДОИВА, 2008ж.

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3-басылым-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы. – Астана, 2014. -424 бет

6. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Үшінші (базалық) деңгей. 3-басылым-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы. – Астана, 2014. – 424 бет

7. Мышление учителя: Личностные механизмы и понятийный аппарат / Под ред. Ю.Н. Кулюткина, Г.С. Сухобской. – М.: «Педагогика», 1990.

8 Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – Алматы: «Ғылым», 2002.

 

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no