электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

PIRLS зерттеуіне дайындық қалай?

№ 3 (154) март 2016г.

ШАДЕТОВА А.К., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы


PIRLS жобасы – төртінші сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтайтын халықаралық зерттеулердің бірегейі. PIRLS зерттеуінің мақсаты – әлемнің әртүрлі елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшы лар ойымен келісе отырып, «Оқу сауат тылығы» – бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба, сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті.

 


Қазақстан алғаш рет осы жобада 2016 жылдың сәуір айында бағын сынамақ. IEA халықаралық іріктеуіне елдің 172 мектебінің 5088 қазақстандық оқушылары қатысады. («Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сайтының мәліметтері). IEA Білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастық. (International Association for the Evaluation of Educational Achievement, www. iea. nl).

Сонымен қатар, PIRLS зерттеуінің нәтижелері оқушылардың оқуы мен дамуының жетістіктеріне әсер ететін факторларға талдау жасауға мүмкіндік береді(мектеп пен отбасындағы білім беру ресурстары, балалардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналардың қатысуы және тағы да басқалар).

Ал, бұл зерттеуге «мұғалімдердің дайындығы қалай?», «оқушыларды дайындауда қандай тапсырмалар алынукерек?» деген сияқты сұрақтар туатыны сөзсіз.

Бұл сұрақтар төңірегенде Республика бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. PIRLS-2016 апробациялық зерттеу жұмысы 2015 жылдың 03 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізілген. Оған 34 мектептен 1390 оқушы қатысқан.

Сонымен қатар бұл зерттеуге дайындалуда«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өз үлесін қосуда. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-әрекеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарында «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын: RWST (оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау) стратегияларын қолдану арқылы қалыптастыру», «Мәтін бойынша сұрақтарды жіктеу», «PIRLS халықаралық бағдарламасы аясында әдебиеттік оқу оқулықтарының мәтіндерін талдау» тақырыптары бойынша практикалық сабақтар мен семинар-тренингтер жүргізілді. Курстан кейінгі іс-шаралар барысында семинарлар ұйымдастырылуда.

2014-2016 жылдар аралығында жоспарланған Қарағанды қаласының № 101 мектеп-лицейі мен мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының бірлескен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогтердің кәсіби–тұлғалық дайындығы» тақырыбында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілуде.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың І кезеңі бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға арналды. Зерттеу жүргізуге арналған құралдар іріктеліп алынды, мониторинг (зерттеу) жүргізілді одан алынған материалдар жинақталып зерттеудің сапалық және сандық нәтижелері өңделді. Оқу сауаттылығын дамытуда кездесетін кедергілер анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Ол үшін бірнеше әдістемелік құралдар ұсынылды. Мысалы, перифериялық (жиекті) көру аумағын кеңейтуге арналған әдістер. Әр сабақта белгіленген бір уақытты 10 минут перифериялық көру аумағын кеңейту(жан-жағын көру немесе жиекті көру)үшін бөліңіз. Осы мәселені шешу үшін мұғалімге «перифериялық көру аумағын кеңейту бойынша» төмендегі жол картасы ұсынылды.

Осы жол картасында берілген әдістер арқылы оқушылардың оқу жылдамдығын дамытуға арналған жұмыстар жүргізілді, ал оқу жылдамдығы оқушының оқу сауаттылығын дамытудың бастауы десек болады. Оқушылардың сауатты және мәтінді түсініп оқуы үшін бірнеше әдістер ұсынылып, тексеру тесттері жүргізілді.

Қарағанды облысы бойынша PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне 11 орта білім беру ұйымдары қатысады. Сол ұйымдардың ішінде № 101 мектеп-лицейіде бар. Біз алдағы өткізілетін зерттеуден Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының оң нәтиже көрсететініне сеніммен қарап, сәттілік тілейміз.

5. Болон декларациясы «О Европейском регионе высшего образования» Болонья қ. Италия. 1999 ж. [Электрон.ресурс] Режим доступа: http://iic.dgtu.donetsk.ua/ russian/ovs/bologna.html

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no