электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2013 г.

 

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістемесі

№ 8 (129) октябрь 2013г.


ЖАЙТАПОВА А.А., п.ғ.д., профессор, Алматы қ. НАМЕТКУЛОВА Ф.Ж., п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл филиалы

 

Педагогикалық тәжірибе туралы ақпаратта:
- тәжірибені таратушы туралы ақпаратты;
- тәжірибенің жағдайын (оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейі, олардың білімділік, тәрбиелік деңгейлері);
- аталған тәжірибе шешетін өзекті мәселелерін;
- әрекеттер мазмұнын (таратушы әрекетінің сипаттамасы, тәжірибені қалыптастыру қиындығы, оқушылардың уәжденуі, оқушылардың өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттеріне қатынасы);
- аталған тәжірибе негізіндегі идеялар, заңдылықтар, механизмдер, пайдалану шегі туралы қорытындыларды қамтуы тиіс.


Бүгінгі таңда педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көптеген мұғалім дердің педагогика лық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. «Педагогикалық тәжірибені» көбінесе нақты педагогикалық процесс, нақты педагогикалық тәжірибе, соның ішінде оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелігін көрсететін нәтижелері ретінде қарастырады. Педагогикалық тәжірибе – педагогикалық әрекеттің нәтижелері туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру. Педагогикалық тәжірибе түсінігі көбінесе өзінің педагогикалық тәжірибесінде меңгеретін педагогтың білімінің, білігі мен дағдысының жиынтығы ретінде де қолданылады. М.Н. Скаткиннің пікірінше «кең көлемдегі» педагогикалық тәжірибе – оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, мұғалімнің өзінің дайындығы мен дамуында жоғарғы нәтиже беретін педагогтың шеберлігі болып табылады [1].

Мұнда педагог оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын ескерсе, ғылыми-әдістемелік нұсқауларды шығармашылықпен пайдаланса, педагогикалық процестің ерекшеленген жағдайларын педагогикалық тұрғыдан ескерсе нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда мұғалімнің педагогикалық әрекеті ерекшеленген жаңалық болмағанымен өнімді кәсібилігінің жоғарылығымен сипатталады.

«Тар көлемдегі» педагогикалық тәжірибе теория мен тәжірибенің озық жетістіктерін шығармашылықпен пайдалану, жаңашылдықты енгізу болып табылады.

Жалпы алғанда, озық педагогикалық тәжірибе деп педагогикалық процесті жетілдіру мен оңтайлы ұйымдастыру арқылы педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі деп қарастырылады.

Ю.К. Бабанский бойынша озық педагогикалық тәжіриенің белгілері: оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудағы жоғары нәтижелілік; уақытты, құралды аз жұмсау арқылы оқыту мен тәрбиелеуді барынша тиімді, үнемді ұйымдастыру; педагогикалық міндеттерді шешудің оңтайлы жолдарын табу білігі [2].

Озық педагогикалық тәжірибе кешенді сипатта болуы немесе педагогикалық қызметтің жекелеген бағыттарын (оқыту процесі, тәрбиелеу процесі, мектепті басқару процесі және т.б.) немесе тұтас педагогикалық процестің жеке жақтарын (құраушыларын) көрсетуі мүмкін. Педагогикалық тәжірибенің қызметтік деңгейі озық педагогикалық тәжірибенің жоғарғы деңгейдегі қызметіне сәйкес жан-жақтылығына, шешілетін міндеттердің мазмұнына байланысты.

Қатысушыларға озық педагогикалық тәжірибенің бірнеше түрі болуы мүмкін, мысалы, тәжірибе авторы жекелеген мұғалім немесе мұғалімдер тобы, пән бойынша әдістемелік бірлестік немесе сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі, педагогикалық ұжым, білім ұйымы немесе тұтас аймақтағы білім жүйесі болуына байланысты. Шығармашылық жаңашылдығына байланысты озық педагогикалық тәжірибе әртүрлі деңгейде болады. Тәжірибелі мұғалім белгілі озық педагогикалық тәжірибенің элементтерін және әдістемелік нұсқауларды өз тәжірибесіне енгізгенде озық педагогикалық тәжірибе репродуктивті сипатта болады. К.Д.Ушинский айтқандай «ой тәжірибеге ауысады».

Мұғалім немесе педагогикалық ұжым педагогикалық процестің болашақ сапалы нобайын дайындағанда, яғни сынақ-зерттеу жұмысын жүргізген жағдайда тәжірибе зерттеу сипатына ие болады да оның құндылығы артады.

Озық педагогикалық тәжірибе – оқу-тәрбие жұмысының жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізудің тиімді жолы. ОПТ зерттеу және жалпылау технологиясы келесі кезеңдерден тұрады (кестеге қараңыз):
- Мұғалім жұмысының мазмұнын, әдістемесін, жағдайларын, процестерін, сапасын, нәтижерлерін зерттеу;
- Мұғалімнің өзіндік талдауы, өзінің педагогикалық әрекеттерін зерттеуі.

ОПТ зерттеу мен жалпылау негізіне келесі алгоритм алынады:
1. Тәжірибенің өзекті мәселесін тұжырымдау, нысанын және зерттеу пәнін, теориялық базасын анықтау.
2. Тәжірибенің өзектілігін және болашағының аргументтелуі, оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін оның мәні.
3. Тәжірибені зерттеу әдістерін таңдау, оны бағалау критерийлерін анықтау.
4. Тәжірибені зерттеу субъектілері мен объектілерін дайындау.
5. Тәжірибені тікелей зерттеу:
а) мұғалім әрекеті:
оқыту прцесінің жалпы мақсаты;
нақты педагогикалық міндеттері;
оқыту мазмұнындағы амалдары;
оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеру процесін басқаруы;
оқу жағдаяттарын ұйымдастыруы;
педагогикалық міндеттерді шешу әрекеттерінің алгоритмі;
әртүрлі педагогикалық ойлау әрекеттерін білуі (әдістемелік, болжамдық, жобалау, түзету);
оқушыларды сәйкес жеке қасиеттерін дамытуы;
оқыту жүзеге асатын сыртқы және ішкі жағдайларды ескеруі;
тәжірибе авторының дайындаған құралдары;
сабақтың материалдық жабдықталуы;
жоғарғы нәтижені қамтамасыз ететін жетекші факторлар;
қақтығыстарды реттеу жолдары.
б) оқушының әрекеті:
оқу әрекетінің мотивациясы;
өзіндік пікірі;
білімді, өзбетінше білімді және дағдыны меңгеру және қолдануы;
қарым-қатынас жасауы;
оқу-танымдық әрекеттердегі адамгершілік қасиеттерінің болуы.
6. Материалдарды алғашқы өңдеу кезеңі.
7. Тәжірибедегі негізгіні анықтау, талдау, жалпылау.
8. Тәжірибенің сипаттамасы.
9. Материалдарды рәсімдеу.

Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау келесі әрекеттер реттілігінен тұрады:
1) педагогикалық тәжірибенің негізгі идеяларын талдау, аталған тәжірибе шешетін қарама-қайшылықтарды, мүмкіндіктерін анықтау;
2) педагогикалық тәжірибенінің идеяларын қабылдауға психологиялық жағынан дайын болу;
3) педагогикалық тәжірибенің құрылымының нобайын жасау, оның деңгейлерін анықтау, жоғары нәтиженің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жағдайларды бағалау;
4) мәселенің күрделілігіне қарай жалпылау түрін анықтау;
5) аталған тәжірибенің жетістіктері мен кемшіліктерін тіркеу, негізгі элементтерінің ішкі және сыртқы байланыстарын анықтау, әдістемесін сараптау, қолдану шегін анықтау;
6) жалпылау түрін таңдау.

ОПТ зерттеу, жалпылау алгоритмі:
- Тәжірибенің өзекті мәселесін тұжырымдау, нысанын және зерттеу пәнін, теориялық базасын анықтау.
- Тәжірибенің өзектілігін және болашағының аргументтелуі, оның оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін мәні.
- Тәжірибені зерттеу әдістерін таңдау, оны бағалау критерийлерін анықтау. Ұсынылған әдістеме негізінде дайындалған озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) зерттеу және тарату жоспары ұсынылады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. – М., 1986.

2. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. - М., 1982.

 
 
 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no