электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Слово об учителе

 

   

Архив статей 2014 г.

Математика бойынша қазақ ғалымдары

№ 7 (138) сентябрь 2014г.


ЖҮНІСБЕКОВ Ж. С., ф-м.ғ.к., Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университеті, «Ақпараттық және стандарттау» кафедрасының доценті, Шымкент қ.,
ТАҒЫБАЕВА А. Б., математика мамандығының магистранты, Қарағанды облысы. Приозерск қаласы. № 2 мектеп – балабақша кешенінің математика және информатика пәні мұғалімі

 

Қазақ ғалымы «Мыңжылдықтың 7 проблемасының» біреуін шешті

Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ғылыми басылымда жариялады, – деп хабарлайды.

Мұхтарбай Өтелбаев 1942 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зерттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды.

1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болған. 2000 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Еуразиялық математика институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.

Нобель саңлақтарының тісі батпаған есепті шешкен қазақ ғалымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанып отыр.

Дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, профессор Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев.

Биыл Елбасының жарлығына сәйкес автоморфизмдер және еркін алгебралар саласындағы ерен еңбегі үшін профессор У.Өмірбаев ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып отыр. Ол өзінің еңбекқорлығы мен тапқырлығы арқасында еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, 30 жылдан бері шешілмей келген жапон математигі Нагата проблемасының түйінін тапты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Математика және механика бойынша ғылыми-зерттеу институтының директоры Нарғозы Данаевтың айтуынша, қолданбалы ғылымның даму тарихында осы саланың корифейлері үнемі белгілі бір математикалық проблемаларды қойып келген. Себебі осы проблемаларды шешу арқылы математика ғылымы ілгері басып, тың зерттеулерге жол ашылды. Мәселен, XX ғасырдың белгілі неміс математигі Давид Гильберт 17 бірдей математикалық проблеманы алға тартты. Оларды шешудің арқасында математика ғылымының құрылымы түбегейлі өзгеріп, дифференциалды теңдеулер теориясын ары қарай дамытуға мүмкіндік туды. «Еліміздің маңдайалды математигі Уалбай Өмірбаевтың әлемдік математика ғылымына қосқан үлесін осымен барабар деуге әбден болады», - дейді Н.Данаев. Бәлкім, алдағы уақытта әлемдік математикада қазақтың жас ғалымы Уалбай Өмірбаев та өзінің шешілмейтін есебін ұсынбақ.

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толады. Университет Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосып келеді. Аталған оқу орнындағы көпке танымал ғалымдардың бірі – физика- математика ғылымдарының докторы, профессор Серік Сәрсенғалиұлы Оспанов.

Серік Сәрсенғалиұлы 1939 жылы 26-сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келді. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) физика-математика факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын механика-математика факультетінің есептік математика кафедрасында бастады.

Сол уақытта математиканың қолданбалы бағыттары бойынша жас ғалымдар дайындау бағдарламасы өмірге келіп, қазақтың алғашқы жас математиктерімен бірге КСРО Ғылым Академиясының Новосибирск бөлімшесіне қарасты экономика және математика институтына жіберілді.

Көп ұзамай Новосибирск университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы К.Багриновтың жетекшілігімен экономикалық- математикалық модельдерді талдау және құрастыру мәселелері бойынша ғылыми диссертация қорғап, физика- математика ғылымдарының кандидаты атанды.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылы ҚР Экономика министрлігіне қарасты Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты (ЭНҚҒЗИ) директорының ғылым бойынша орынбасары болып тағайындалды. Осы кезеңде Қазақстанда нарықтық экономиканы реттеу үшін жаңа парадигмалар мен экономикалық-математикалық құрылғыларды қажет ететін терең экономикалық реформалар жүріп жатқан.

Арада бес жыл өткен соң, экономикалық жүйелерде математикалық моделдеуді және математикалық әдістерді, есептік құрылғыларды қолдану тақырыбы бойынша диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. Диссертацияда экономикалық жүйелердегі күрделі есептерді шешудің әдістерін ұсынып, оның тиімділігін дәлелдеді. Оның модельдері мен тәсілдері қазіргі таңда нарықтық инфрақұрылымдардағы мәселелерді талдауда табысты қолданылып келеді.

Ол экономикалық мәселелерді математикалық әдістер мен компьютерлік технологиялардың көмегімен талдай алатын «Экономикалық кибернетика» атты жаңа мамандықтың ашылуына мұрындық болды. Қазіргі таңда Серік Сәрсенғалиұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының профессоры. Ол бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) бөлімдеріне дәріс береді, сонымен қатар докторанттардың диссертациялық жұмысын дайындауға жетекшілік етіп жүр. Ол – кәсіби педагог, жұмыс қабілетімен және білім-парасатымен ерекшеленетін ой-өрісі биік, білікті маман. Ұзақ жыл мінсіз педагогикалық қызмет атқарған ұстаз «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Кембридждегі орталықтың күміс медалімен, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де сіңірген ерен еңбегі үшін» күміс медалімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі болып қоғамдық жұмыс атқарып келеді.

Оспановтар жанұясының мүшелері математикаға ден қойған. Жары Шолпан – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ұлы Ерболат Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетін тәмамдағаннан кейін, білімін АҚШ-та жалғастырды. Бүгінгі күні бизнес саласында жемісті қызмет етіп жүр. Немерелері Мерей мен Іңкәр – О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектебінің түлектері.

 

Слово об учителе







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no