электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 
Фонд СОРОС Казахстан.

Рубрика "Инклюзивное образование" в журнале "Открытая школа" выходила при поддержке
Фонда Сорос Казахстан

Архив статей 2013 г.

 

Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін логопедиялық қызмет жүйесі

№ 7(128) сентябрь 2013


ЗАРУБАЕВА Б. М., МУСЕЕВА Г. Н., № 27 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалім-логопедтері, Қарағанды қ.

 

Сөйлеу процесі – адам баласына ғана тән өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Сөз арқылы қатынасқа түсу үрдісінде адамдар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі. Сондықтан сөйлеу тілі адам өмірінде маңызды орынға ие әрекет болып табылады. Қазіргі таңда сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балалардың саны күннен күнге артуда. Осыған орай денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау жүйелерінде осы категориядағы тұлғаларға көмек көрсетудің қызметтік бөлімдері өз жұмысын атқарып жатыр. Аталған көмек көрсету түрі Қарағанды қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім» жобасын жүзеге асыруда 2012- 2013 оқу жылының қазан айында құрылған психологиялық- педагогикалық көмек қызметі жүзеге асырады. Оның құрылымына мектеп әкімшілігі, психологтары, логопедтері, мұғалім-дефектологтар мен сынып жетекшілері кіреді. Толығырақ мектептегі логопедиялық қызмет туралы тоқталайық.

Инклюзивті мектептегі логопедиялық қызмет жүйесі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды орынның бірін алады. Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсаты – сөйлеу тілінің әртүрлі ауызша және жазбаша бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, сонымен қатар олардың тілдік дамуының ерекшеліктеріне сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және әрі қарай әлеуметтік бейімдеу мен қарым- қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру болып табылады. Осы мақсаттарға орай бірқатар міндеттер жүзеге асырылады:
- ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету;
- баланың толыққанды тұлғалық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету;
- әрбір балаға индивидуалды және дифференциалды ыңғайды қамтамасыз ету;
- балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;
- сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету;
- балаларға логопедиялық көмек көрсету сұрақтары бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға кеңес беру;
- мұғалімдер мен ата-аналар арасында логопедиялық білімдерді үгіттеу.

2012-13 оқу жылында логопедтің жұмысы осы жылға жасалған келесі бағыттардан тұратын түзетупедагогикалық жұмыс жоспары бойынша құрылды:
- Диагностикалық жұмыс;
- Түзету-дамытушылық бағыт;
- Логопедтің педагогтармен қарымқатынас бағыты;
- Әдістемелік бағыт.

Алғашқы апталарда біз мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыруға қатыстық, сонымен қатар мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілдерін тексердік. 2-4 сынып аралығындағы оқушылардан диктант жұмысы арқылы, ал мектепалды даярлық тобы мен 1-сынып оқушыларын жеке логопедтік тексеру арқылы сөйлеу және жазбаша тілінде кемістігі бар балалар анықталды. Диагностиканы жүргізу барысында инклюзивті білім беру бойынша эксперименталды топтарға ерекше көңіл бөлінді. Экспериментке қойылған 2 «А» және 3 «А» сыныбындағы оқушылар жанжақты тексеріліп, ішінен оқу және жазу бұзылысы бар балалар анықталып топқа жіктелді. Ал психикалық дамуы тежелген деген қорытындысы бар Какетаева Айнұр мен Утебаев Досболдың жазбаша және ауызша сөйлеу тілінің дамуы жанжақты тексеріліп, оның нәтижесі мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің консилиумында баяндалды.

Консилиумның шешімі бойынша эксперименттік топтағы оқушыларға кешенді түрде қызмет көрсетудің жеке бағдарламасын құрастыру жүктелді. Жалпы мектепте 54 әртүрлі тілдік кемістік бойынша оқушылар логопункт журналына тіркелді. Жыл бойы логопедтік түзету жұмысымен 39 оқушы, яғни тіркелгендердің 72%-ы қамтылды. Олар негізінен келесі тілдік қорытындылар бойынша жіктелді: сөйлеу тілінің фонетикофонематикалық дамымауы – 10 оқушы, сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі – 7 оқушы, дислалия – 2, оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар – 18 оқушы, дисграфия және дислексия – 2 оқушы.

27 сағат апталық жүктемеге байланысты І және ІІ жартыжылдыққа сабақ кестелері құрылып, солар бойынша логопедия сабақтары жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Осы кесте бойынша сөйлеу тілінің фонетикофонематикалық дамымауымен жұмыс істеуде көбіне балаларда айтылуы бұзылатын ж, з, с, ш, л, р дыбыстарын қойып, буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру сабақтары өткізілді. Ал оқушылардың жазбаша тілін түзетуде фонематикалық есту қабілетін, зейін, қабылдау, ұсақ моториканы дамытуға арналған жұмыстар жасалды. І жартыжылдық барысында логопед кабинеті қажетті оқу-әдістемелік оқулықтармен, көрнекіліктермен, арнайы құралдармен жабдықталды. Логопункттың қажетті құжаттары, атап өтсек, мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті мектепте логопедтік қызмет туралы ережелер; эксперименталды топ бойын- ша мұғалімлогопедтің жұмыс жоспары; оқушымен жеке жұмыс жоспары; жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларды тіркеу журналы; оқушылардың логопедиялық сабаққа қатысуын тіркеу журналы; тілдік карталар рәсімделді. Кабинетті жабдықтау жыл бойына жалғасты.

Оқу жылы барысында әдістемелік тәжірибелік білімді көтеру мақсатында түзету кезеңдері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және басқа да арнайы мекемелердің ұйымдастырған семинарына қатыстық. Сонымен қатар, 3-тоқсан барысында педагогтар мен атааналарға оқушылардың қазақ тілінен үлгермеушілік мәселесі туралы кеңес беру, себептерін анықтап, оны түзету бойынша ұсыныстар жасау жұмысы жалғасты. Осы мақсатта 14-ақпанда қазақ бөлімінің педагогтарына арналған «Тіл кемістігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі және олармен жұмыс ерекшелігі» тақырыбында ақпараттық-оқыту семинары өтті.

3-тоқсанда логопедиялық тексеріс нәтижесінде логопунктке тіркелген балалармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді, бастауыш сынып мұғалімдерімен келісілген ІІ жартыжылдық логопедиялық сабақ кестесі жасалды. Оқушылар осы кесте бойынша сабаққа қатысып отырды.

Аталған кезеңде 2 «А» – Какетаева Айнура мен 3 «А» – Утебаев Досбол экперименталды сынып оқушылары жеке сабақтарға қатысты. Ал 0-4 сынып аралығындағы 36 оқушы топтық сабақтарға қатысты.

Барлық сабақтар балалардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркеу журналында белгіленген. Сабақтар алдын ала өткізілген диагностика негізінде және жасалған жылдық жеке түзету жұмыс жоспарына сай жүргізілді.

Логопед жұмысының барысында эксперименттік топ тьюторларымен және психологопедагогикалық қолдау қызметінің мүшелерімен өзара қарымқатынас, байланыс орнатылған. 3тоқсан барысында аталған қызметке келесі құжат түрлері дайындалып тапсырылды:
- Логопедтің жұмыс графигі;
- Топтардың тізімі;
- Мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті мектепте логопедтік қызмет туралы ережелер;
- Эксперименталды топ бойынша мұғалімлогопедтің жұмыс жоспары;
- Оқушымен жеке жұмыс жоспары.

Логопункттың алғашқы жылдық қорытындысы бой- ынша №3 топтан сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айтуы түзетілген оқушылар Аружан, Дариға және №1 эксперименталды топтан Алмас, Ару шығарылды.

Эксперименталды топтағы оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстардың нәтижесінде Айнұр мен Досболдың қазақ тілі сабағына қызығушылықтары артып, жазба жұмыстарының сапасы жақсарды. Сонымен қатар, психикалық процестері, яғни зейіні, есте сақтау қабілеті, байланыстырып сөйлеу тілдері айтарлықтай дамыды.

Логопед сабақтарының жағымды жақтары:
- Оқушылардың оқу, жазу сабақтарына қызығушылығы мен ынталары артты;
- Сөйлеу тілдеріндегі, жазбаша жұмыстардағы кемістіктерге назар аударылып, оны дұрыстау жұмыстары жүргізілді;
- Балалардың кез келген қиындықты жеңуде өз өзіне сенімділігін арттыруға көмек берілді.

Әрине, тұқымқуалаушылықтан, әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болған, жылдар бойы қалыптасып, дағдыға айналған тіл кемістіктерін түзету – бұл өте күрделі, әрі ұзақмерзімді процесс. Сондықтан бұл жұмыс қиындықтарсыз да болмайды. Олар:
1. Кейбір оқушылардың сабаққа қажетті жауапкершілікпен қарамауы;
2. Балалардың жаңа, өзге сабаққа қорқынышпен қарауы, сыныптастардың мазағына түсуден қауіптену;
3. тәжірибенің аздығы, логопедиядан әдістемелік қордың, қазақша материалдың жетіспеушілігі;
4. Сынып жетекшісi, ата-аналар тарапынан қолдаудың болмауы.
Оқу жылы барысындағы жағдайларды талдай келе, келесідей шешу жолдарын ұсынар едік: Басқа мектеп логопедтерімен өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік білімді көтеру; Сынып жетекшілерімен, ата-аналармен тығыз қарым- қатынас орнату; Әр түрлі ақпарат құралдары, ғаламтор желісі арқылы білімді көтеру, жаңа логопедиялық технологияларды іздеу.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы, 1996. – Б. 36.

2. Багель О. А. Индивидуальный подход при коррекции речевых нарушений у младших школьников // Школьный логопед. – 2007. – №1(16). – Б. 43-48.

3.  Өмірбекова Қ. Қ. Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. – Алматы, 2005. – Б. 4-10, 41-45. Инклюзивті


Инклюзивное образование


Список статей, опубликованных в рубрике «Инклюзивное образование» журнала «Открытая школа» c 2012г.








 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10