электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 
Фонд СОРОС Казахстан.

Рубрика "Инклюзивное образование" в журнале "Открытая школа" выходила при поддержке
Фонда Сорос Казахстан

Архив статей 2012 г.

 

Дамуында бұзылушылығы бар үйден оқытылатын балалардың клиникалық- психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері

№ 10(121) декабрь 2012


ЕСЕНҒАЗЫ Н., Ақтөбе облыстық ПМПК басшысы

 

Кемтар 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қолдау, қамқорлау мақсатында Қазақстан Республикасында 11 шілде 2002 жылы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заң шықты.

Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.

Аталған заңда көрсетілгендей әлеуметтік дегеніміз – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, медициналық – денсаулық сақтау, педагогикалық – білім беру басқармалары. Аталған мекемелер бірігіп, әкімшіліктің қолдауымен, ата-аналардың келісімімен кемтар балалардың диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, мүгедектің алдын алу, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік көмектер көрсету, ең бастысы ол балаларды қалай қатарға қосамыз мәселесін бірлесіп шешуде.

Кемтар балаларға көрсетілетін әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмектер жылдан жылға жақсарып келеді: бала-бақшаларда түзеу топтары, мектептерде түзеу сыныптары ашылуда, қосымша қаншама штаттар бөлінуде. Кемтар балалар қатарларымен бірге мүмкіндігіне қарай инклюзивті оқып жалпы білім беру орындарында тегін білім алуда.

Арнайы топ, сынып, кабинет, мектеп-интернаттарға ата-аналардың келісімі бойынша ПМП К қоры т ын дысына сай, обл ыст ық бі лім басқармасының жолдамасымен қабылданады.

Көмекшi бағдарламамен ақыл-есi дамуы кем балаларды оқытады. Мысалға: Тамды көмекшi мектеп интернатында.

Арнайы жеңiлдетiлген бағдарламамен(жеңілдетілген жалпы мектептің бағдарламасы) ақыл-есi дамуы тежелген балаларды оқытады. Мысалға: Жайсан арнайы мектеп интернатында.

Көмекшi бағдарламамен оқығандарға 9 сыныпты бiтiргеiннен кейін бағдарламаны толық игерсе мектептiкiнен өзгеше арнайы Куәлiк бередi. Егер бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді бiлмесе онда арнайы Аныктама бередi.

Кемтар баланы үйден оқытуға анықтаманы емдеушi дәрiгерi(ДКК) бередi. Қажет болса ғана облыстық ПМПК көмекшi не арнайы бағдарламамен оқытуға ұсыныс жазады.

Кемтар-мүгедек балаларға үйден әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынысты облыстық ПМПК бередi. Яғни, әлеуметтiк қызметкерлер мүгедек баланың үйiне барып әлеуметтiк көмектер көрсетедi.

Үйден оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін бір мүгедек балаға 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде аудандық мәслихаттың шешіміне байланысты аудан әкімінің Қаулысы бойынша, аудандық бюджеттің есебінен қаржы бөлінеді.

Растайтын құжат тарын ұсынған жағдайда өтініш берген айынан бастап тоқсан сайын төленеді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу көмектері, дәрі-дәрмектер, жұмыс орындарының бағдарлама лық-техника лық қ ұ ра лдары тегін беріледі.

Үйден оқуға аяқ-қол қыймылдары бұзылғандарға, жүре алмайтындарға, эпилепсияның ауыр және жиі қайталанатын түрлеріне, кіші және үлкен дәреттерін күндіз жіберіп қоятындарға, жүрек, өкпе ауруларына, күрделі ауруларға т.б. диагнозбен анықтама беріледі. Барлық жағдайда да, емделіп қатарға қосылуына, үйден оқу ұзақтығына, – емдеуші дәрігері жауапты, аурудың көңіл-күйіне байланысты емханада ДКК шешеді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға ең басты көмек кемтар баланың ата- аналарының мейірімі мен қамқорлығы екенін ескерген жөн. Сондықтан ата-аналар дәрігерлермен, жауапты мұғалімдермен, әлеуметтік қызыметкерлермен тығыз байланыста болғаны дұрыс.

Денсаулық сақтау министiрiнiң 24 шiлде 2009 жылғы «Бүлдiршiн жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, ережесiн бекiту туралы» № 379 бұйрығы бойынша бала дәрiгерлерi(педиатр, психиатр, невролог, сурдолог, окулист) 0-ден 3 жасқа дейiнгілерді тексерiп анықталған кемтар балаларды облыстык ПМПК-дан тексерiстен өткiзiп алуға мiндеттi. Аудандық бас педиатр облыстық ПМПК-ға ай сайын анықталған балалар жөнiнде 1-шi қосымшаға сай ақпарат, тоқсан сайын 2-шi қосымшаға сай мәлiмет жібереді. Ерте жастан диагнозын анықтау, уақытында емдеу, оңалту, мүмкіндігіне қарай тәрбиелеу, түзете оқыту – оң нәтиже беретінін ескеру керек.

Кемтар балаларға Үкіметтің беріп жатқан жан-жақты тегін көмектері мол, жылдан жылға жақсарып келеді. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық, медициналық-әлеуметтік заңдарға сүйене отырып жергілікті жердегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, балалардың құқығын қорғау, қамқорлау мекемелерінің міндеттері мүмкіндігі шектелген балалардың жағдайын жақсартуға жасалынып жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, кемтар балаларды қатарға қосу мәселесімен бірлесіп айналасу қажет.


Инклюзивное образование


Список статей, опубликованных в рубрике «Инклюзивное образование» журнала «Открытая школа» c 2012г.









 

 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
 
 
 
E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10