электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 
Фонд СОРОС Казахстан.

Рубрика "Инклюзивное образование" в журнале "Открытая школа" выходила при поддержке
Фонда Сорос Казахстан

Архив статей 2012 г.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден жеке оқытуды ұйымдастыру мәселелері

№ 10(121) декабрь 2012


ДАУТОВА Қ., тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогиқалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

 

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау саласының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің жетіспеушілігі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасына айтарлақтай қиындық туғызады. Осы мәселені шешуге «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңында бекітіліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, түзете- дамыту, оңалту, әлеуметтік ортаға бейімдеудің жүзеге асырылуы заңды түрде қарастырылған. Әр мүмкіндігі шектеулі бала өз қажеттілігі мен даму деңгейінің мүмкіндігіне қарай арнаулы білім алып, тәрбиеленуге құқылы.

Ақтөбе облысында 2012-2013 оқу жылының басында мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 4901 болса, соның ішінде 277 бала ресми тіркеліп үйден оқытылатын болып отыр.

Балалардың жас ерекшелігін, мүмкіндігін, денсаулық жағдайын, балаларға арнаулы (түзетім) педагогикалық көмек, әлеуметтік қолдау көрсету қаншалықты тиімді, сапалы іске асырылып отыр, үйден бала оқытып отырған педагогтардың арнаулы педагогикалық тұрғыдан білім деңгейлері қандай және тағы басқа бүгінде шешімін күткен мәселелер.

Аталған өзекті мәселені талқылауға, шешу жолдарын көрсетуге, үйден оқытатын балаларға білім беруге қатысатын білім беру және әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелермен іс-тәжірибе алмасу, тиімділігін жан-жақты қарастыра оңтайландыру мақсатында он-лайн режімінде Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстық семинар өткізіп, барлық аудандардың мамандары мен педагогтары он-лайн режімінде жүйеге қосылып, облыстық білім беру басқармасы мамандары, әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мамандары, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытатын педагогтар қатысты.

Семинар барысында мүгедек-балаларды үйде оқытудың арнайы бағдарламасын іс-жүзіне асырудың қажетті компонентіне оқушының жұмыс орнының негізін бағдарламалық-ақпараттық тұғырнамасын құрайтын бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығымен қамтамасыз етілуі мен болашағы да талқыланып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетудің педагогикалық жүйесі, үйден жеке оқытылатын балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруда ресурстық орталықтың рөлі, бағдарламалар мен әдістемелік қамтамасыздық семинар барысында ашылып көрсетілді.

Дамуында бұзылушылығы бар үйден оқытылатын балалардыңклиникалық - психологиялық - педагогика лық дам у ерек шеліктерін облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің бас маман дары атап өтсе, қа ла лық әлеу меттік қорғау орталығының мамандары үйден оқытылатын балаларды әлеуметтендіруге бағытталған практикалық тапсырмалармен бөлісті.

Мүгедек балаларды үйден оқытуды ұйымдастыру тәртібінде көрсетілгендей арнаулы мекеме жоқ немесе ша лғай жерлерде үй жағдайында оқыту мекен-жайына байланысты жалпы білім мекемесі жанынан іске асырылады. Осы жағдайда аудандық психологиялық- педагогикалық түзетім кабинеттерінің маңызы зор. Семинар барысында Ақтөбе облысының бірнеше аудандық психологиялық- педагогикалық түзетім кабинеттері, атап айтса Мұғалжар, Қобда, Шалқар он-лайн режімінде байланысқа шығып, облыс педагогтарымен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар үйден оқитын балаларға білім беруге қатысатын білім беру және әлеумет тік қызмет көрсететін мекемелердің іс- тәжірибесімен танысып, тиімділігін жан-жақты қарастыра оңтайландыру бойынша үйден оқитын дам умүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы типологиялық бағдарламалар, әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілуін; арнаулы педагогикалық- психологиялық түзетім кабинеттерінің мамандарына үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың арнаулы (түзетім) білім алу қажеттілігін өтеуге бағытталған іс-шараларды жетілдіруін; жалпы білім беретін мекемелерінің мамандары мен педагогтарына үйден оқитын балалар мен жасөспірімдердің ата- аналарына психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуді жандандыруын; жалпы білім беретін мектептің педагогтарының қажеттілігінше дефектология саласында біліктіліктерін жетілдіру бойынша ой қорытты, ұсыныстар ұсынылды.


Инклюзивное образование


Список статей, опубликованных в рубрике «Инклюзивное образование» журнала «Открытая школа» c 2012г.









 

 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
 
 
 
E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10